«Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс бекетінің негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Основная  средняя школа станции Тонкерис отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БОС ПЕДАГОГТІК ЛАУАЗЫМДАРҒА КОНКУРС

30.01.2024

«Ақмола облысының білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс бекетінің негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрінің 2012 жылғы 21ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін тағайындау,  босату қағидалары» №57 бұйрығына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемедегі (әрі қарай -КММ) бос педагогтік лауазымдарға конкурс жариялайды:
КММ- нің мекенжайы:Қазақстан Республикасы,021606,Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Төңкеріс бекеті, С.Сейфуллин көшесі 8Г.
Телефон:8(71631)52004
Электрондық почта:mektep-tonk@mail.ru 

1) Физика пәні мұғалімі (12сағат); 
2) Ағылшын тілі пәні мұғалімі 15 сағат (1 ставка декреттік демалыс уақытына);
3) Биология пәні мұғалімі (6сағат);

Біліктілікке қойылатын талаптар: 
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліктіліктің орташа деңгейіне жататын ХІ педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат; 
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілімі: педагог үшін ПББ нәтижесі, педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог –зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-зерттеуші үшін  педагогикалық  жұмыс өтілімі 5 жыл. 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды конкурс жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні мерзімінде келесі құжаттарды электронды  немесе қағаз түрінде жолдайды: 
    1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Просмотров: 1571


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст